Accessibility links

Уфада дрон шабуылынан соң мұнай өңдейтін зауытта өрт шықты

Уфа қаласы, Башқұртстан, Ресей, 1 тамыз, 2026 жыл.
Уфа қаласы, Башқұртстан, Ресей, 1 тамыз, 2026 жыл.

Ресей құрамындағы Башқұртстан астанасына сенбі, 1 тамыз күні таңертең дрондар шабуыл жасаған. Башқұртстан басшысы Радий Хабиров "әуеден атып түсірілген дронның сынықтары өнеркәсіп нысаны аумағына құлап, түтін шығуына себеп болған" деп хабарлады.

Украиналық мониторинг арналары Уфаның өндірістік аумағында бірнеше өрт ошағы байқалатын фото мен видеолар жариялады.

Astra басылымының OSINT-талдаушысы фото және видеоларды зерттеу барысында әуеге көтерілген екі қара түтіннің бірі "Башнефть-Уфанефтехим" мұнай өңдеу зауыты аумағынан шығып жатқанын анықтаған.

Astra мәліметінше, бұл кәсіпорын жылына 8,2 миллион тоннаға дейін мұнай өңдеп, мотор отыны, мұнай коксы, сұйылтылған газ, күкірт және хош иісті көмірсутектер өндіреді.

Украина президенті Владимир Зеленский шабуыл жасалғанын растады.

"Бүгін түнде Украина қауіпсіздік қызметінің бөлімшелері Башқұртстандағы үш ресейлік мұнай өңдеу зауытының инфрақұрылымын нысанаға алған. Ол жерге дейінгі арақашықтық шамамен 1600 шақырым" деп жазды Зеленский.

Башқұртстанда дрон қаупі туралы дабыл режимі жергілікті уақытпен сенбі күні таңертеңгі сағат 9:35 кезінде жарияланды. Дәл сол уақытта Ресейдің "Росавиация" агенттігі Уфа әуежайы уақытша жабылғанын хабарлады.


Айдар
XS
SM
MD
LG