Accessibility links

Үкімет биыл білім гранттары қалай бөлінетінін хабарлады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті (көрнекі сурет)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті (көрнекі сурет)

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылдарына 89 457 мемлекеттік білім гранты бөлінген. Мұндай деректі 26 мамыр күні Астанада өткен үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жария етті.

Шенеуніктің сөзінше, бұлардың шінде:

  • бакалавриатқа – 75 371 грант;
  • магистратураға – 11 007 грант;
  • докторантураға – 3 079 грант бөлінген.

Министрлік грант бөлу барысында ел экономикасының 2030 жылға қарай кадрларға сұранысы туралы болжам негізге алынғанын жазды. Осыған байланысты инженерлік-техникалық, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану салаларына басымдық берілген.

Жалпы гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары үлесіне тиеді. Ал 21 пайызы мұғалімдер даярлауға бөлініп отыр:

  • инженерлік, өңдеу және құрылыс – 19 250;
  • педагогикалық ғылымдар – 13 738;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 11 662;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 9 363;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 3 145;
  • денсаулық сақтау саласы – 2 700;
  • қызметтер бойынша – 2 400;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 915;
  • әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485;
  • бизнес, басқару және құқық – 1 423;
  • ветеринария – 1 275 грант бөлінген.

Саясат Нұрбектің сөзінше, мұндай тәсіл еңбек нарығындағы нақты сұранысты өтеп, елдің экономикалық дамуына қажет мамандар әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

Айдар
XS
SM
MD
LG