Қазақстан үкіметі Абай облысы Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр станциясын салу жөніндегі 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдады. Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жоба Курчатов қаласын одан әрі дамытудың энергетикалық негізіне айналады. Мұнда ірі ғылыми инфрақұрылым нысандары – ұлттық ядролық орталық, ядролық технологиялар паркі, зерттеу реакторлары, зертханалар және қазақстандық термоядролық КТМ (тәжірибелік термоядролық қондырғы - ред.) шоғырланған" деп жазылған үкімет хабарламасында.
Жаңа станцияның құны 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 мегаватт болатын энергоблоктан құралған станция 2032 жылға дейі кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Жылына сағатына 5 млрд киловатқа дейін электр энергиясын өндірмек.
"Нысан «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге арналған заманауи бу энергетикалық жабдықпен жарақтандырылады.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту мақсатында жоба Экологиялық кодексі мен ең үздік қолжетімді техникалар талаптарына сәйкес газ тазарту, шығарындыларды сүзу және шаңды басу жүйелерін қамтиды" деп жазылған ресми хабарламада.
"Власть" жазауынша, инвестициялық келісім қол қойылған "ГРЭС Курчатов" компаниясын Kazakhmys Energy бас директоры Темірлан Өтегенов былтыр құрған. Сәуірде компания құрылтайшыларының құрамына Эдуард Огай мен Владимир Жуманбаев енді. "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы иелерінің бірі Эдуард Огай – 2026 жылы Forbes-тың Қазақстандағы ең ауқатты 75 кәсіпкердің тізіміне енген.
Forbes тізіміндегі Владимир Жуманбаев та "АК Алтыналмас" компаниясының 22,63 % иелік етеді. Пакет кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сатылып жатыр.