Accessibility links

Украина дрондары алғаш рет Ozon қоймаларына соққы жасады

Самара облысындағы Ozon қоймасына жасалған шабуыл. 22 тамыз 2026 жыл.
Самара облысындағы Ozon қоймасына жасалған шабуыл. 22 тамыз 2026 жыл.

Сенбіге қараған түні украин дрондары ресейлік ірі сауда алаңы Ozon компаниясының қоймасына соққы жасады. Самара облысы Чапаевск қаласындағы компанияның үлестіру орталығы өртеніп жатқанын қолданушылар жазды.

Компания өкілдері қоймаға шабуыл жасалғанын растады.

"Бүгін Самара облысындағы Ozon логистикалық орталығына дронмен шабуыл жасалды. Шабуылдың салдарынан қоймада өрт болды. Барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеді, бірнеше минутта 500-ден астам қызметкерді эвакуацияладық. Өкінішке қарай, зардап шеккендер бар" деп жазылған хабарламада.

Чапаевскідегі Ozon қоймасы 18 шілдеден бері соққы жасалған 25-нысан атанды.

Куәгерлердің видеосына қарағанда, бұл аумақта сонымен бірге Новокуйбышевск мұнай өңдеу зауытына да шабуыл жасалған, оған да бұрын украин дрондары шабуылдаған.

Ozon мен "өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне" соққы жасалғанын Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев растады. Ол бірнеше адам зардап шеккенін де айтты.

Бұған қоса, Краснодар өлкесіндегі Ейск портына да соққы жасалғаны хабарланды. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, шабуылдың салдарынан кеме өртенген.

Ресей қорғаныс министрлігі бір түнде 457 украин дроны жойылғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз әзірге, табылмады.

Айдар
XS
SM
MD
LG