Accessibility links

Украина дрондары Воронежге соққы жасады


10 қаңтарда кешке Украина дрондары Воронежге шабуылдады. Соның салдарынан бірнеше көп қабатты тұрғын үй бүлінді. Дрондардың бірі жарылып, кемінде бес пәтерді бүлдірген. Куәгерлердің айтуынша, Воронеждің түрлі ауданында шамамен 25 жарылыс болған.

"Атып түсірілген дрон бөлшектерінен екі адам жарақаттанды: ер адамның денесіне сынық кіріп жараланды, бір әйел басынан жарақат алды. Құлаған бөлшектер көпқабатты үш тұрғын үй және салынып жатқан бір ғимараттың терезелері мен алдыңғы жағын бүлдірді. Тағы бір үйде пәтерден өрт шықты, ол сөндірілді. Кем дегенде бір көлік бүлінді" деп жазды Воронеж облысының губернаторы Александр Гусев.

"Базаның" жазуынша, қалада түрлі жарақат алған төрт адам ауруханаға түскен. Екі адамның жағдайы ауыр, тағы екі адам орташа дәрежеде жарақат алған. Воронеж облысы аумағында 10 қаңтарда кешке дрон қатері режимі күшінде болды.



XS
SM
MD
LG