Украина қорғаныс министрі Денис Шмыгаль мен Украина цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров отставкаға кету туралы өтініш жазды. Жоғарғы раданың спикері Руслан Стефанчук парламент олардың өтініштерін жақын арада қарайтынын айтты.
Денис Шмыгаль қорғаныс министрі қызметін 2025 жылдың шілде айынан бері атқарған, оған дейін шамамен бес жыл бойы Украина үкіметіне жетекшілік еткен. Қаңтар айының басында президент Владимир Зеленский Шмыгальға Украина энергетика министрлігін басқарып, бірінші вице-премьер қызметін атқаруды ұсынған.
Сол кезде қорғаныс министрі қызметіне Зеленский Михаил Федоровты ұсынған еді. Ол вице-премьер және цифрлық трансформация министрі қызметін 2019 жылдан бері атқарып келген.