Accessibility links

Украина СІМ: еліміз ешқашан биологиялық қарумен айналысқан жоқ

Украина сыртқы істер министрлігі мәлімдеме таратып, елдің "ешқашан биологиялық қарумен айналыспағанын, ал биологиялық қауіпсіздік саласындағы АҚШ-пен әріптестік таза бейбіт мақсатта" жүзеге асырылғанын айтты.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард қызметінен кетердің алдында Америка үкіметі әлемнің 30-дан астам еліндегі 120-дай биологиялық зертхананы қаржыландырғанын хабарлаған. Ол жариялаған материалдарда украиналық зертханалардың да бар екені көрінеді. Барлау қызметінің пікірінше, онда қауіпті патогондер болуы мүмкін және соғыс жағдайында төнген қатерге төзбеуі ықтимал.

Украинаның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ-пен ортақ бағдарламалар эпидемиологиялық қадағалауды, зертханалық диагностика және биологиялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған.

"Бұл халықаралық денсаулық сақтау стандарттары мен тәжірибелеріне сәйкес келетін, ешқандай әскери мақсатпен байланысты емес қалыпты азаматтық қимыл" деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, халықаралық көмек бағдарламасына қатысатын барлық зертхана биологиялық және улы қаруға тыйым салу конвенциясына сәйкес жұмыс істейді.

Украина СІМ сонымен бірге Ресей ұзақ уақыттан бері Украина аумағындағы "биологиялық қару өндіретін зертхана" тақырыбын өзінің ішкі және сыртқы пропагандасына пайдаланады, бірақ барлық айыптаулар "халықаралық деңгейде терістелген".

Биологиялық зертханаларды қаржыландыру бағдарламасы көптеген жыл бойы жұмыс істеп келеді және Совет одағы кезінен бері құрылған зерттеу нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен де байланысты. Ресей мен Батыс арасы нашарлағаннан кейін Мәскеу АҚШ-ты "биологиялық қару әзірлейтін биозертханаларды қаржыландырды" деп бірнеше рет айыптаған. Вашингтон айыптауларды жоққа шығарады және Биологиялық қаруға тыйым салатын конвенциясының қатысушысы екенін алға тартады.

Айдар
XS
SM
MD
LG