Accessibility links

Украинада Юлия Тимошенконың партиясының кеңсесінде тінту болды


Юлия Тимошенко
Юлия Тимошенко

Украина жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) және мамандандырылған жемқорлыққа қарсы прокуратура (САП) Жоғарғы рададағы фракция жетекшілерінің бірі жемқорлық күдігіне ілінгенін хабарлады.

Мәселе бірқатар депутаттардың пайдасына орай фракция атынан нақты заң жобаларына дауыс беру кезінде құжатты қолдау немесе қолдамау туралы ұсыныс жөнінде болып отыр.

Ведомство өкілдері фракция жетекшісінің аты-жөнін атамады. Азаттықтың Украин қызметінің "Схема" жобасы дереккөзінің айтуынша, "Батькивщина" фракциясына жетекшілік ететін Юлия Тимошенко күдікке ілінген.

Тимошенконың өзі 30 шақты адамның түнде келіп, партия кеңсесін тінткенін растады.

"Түк таппады, сол себепті жәй ғана жұмыс телефондары, парламент құжаттары мен ресми декларацияда толық көрсетілген жеке жинақты алып кетті" деп жазды саясаткер Facebook-та. Ол айыпты жоққа шығарады.

САП өкілі Ольга Постолюк "Суспильне" басылымына Тимошенкоға ресми түрде күдікке ілінгені жөнінде құжат тапсырылғанын айтты.

  • 2025 жылдың желтоқсан соңында НАБУ мен САП "ұйымдасқан қылмыстық топты" анықтағанын және оның құрамында парламенттің қазіргі депутаттары да бар екенін айқан. Болжам бойынша, олар "Жоғарғы радасында дауыс бергені үшін заңсыз пайда тапқан".
  • САП өкілдерінің айтуынша, берілген ақша көлемі "дауыс беру тиімділігіне" байланысты анықталып отырған және 2-20 мың доллар көлемінде болған. Іс бойынша бес депутат күдікке ілінген.
XS
SM
MD
LG