Украиндарды құтқарған қазақстандық белсенді
Ақтөбелік белсенді Константин Гудаускас 2019 жылы қудалаудан қашып, Украинаға қоныс аударған. 2022 жылы Бучадағы қырғын кезінде Қазақстан паспортының арқасында оккупацияланған аймаққа кіріп, 200-ден астам адамды құтқарған. Қазір ол Украинада әскерилерге көмектесіп, қайырымдылықпен айналысады.