Accessibility links

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері Украинада қаза тапқан


Ұлыбритания қорғаныс министрлігі ғимараты
Ұлыбритания қорғаныс министрлігі ғимараты

Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі бір әскери қызметкері 9 желтоқсан күні таңертең Украинада қаза тапқанын хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, британ әскери қызметкері Украина қарулы күштері майдан шебінен алыста жүргізіп жатқан қорғаныс құралдарын сынақтан өткізу барысын бақылап тұрған кезде болған қайғылы оқиға салдарынан ауыр жараланып, көз жұмған. Қорғаныс министрлігі бұдан өзге еш дерек келтірмеді. Қазақ тапқан адам қай әскер түрінде қызмет еткені және қандай лауазым атқарғаны әзірше белгісіз.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили әскери қызметкердің өліміне "жаны күйзелгенін" айтып, марқұмның "отбасымен, дос-жаран және әріптестерімен" бірге қайғыратынын жеткізді.

Премьер-министр Великобритании Кир Стармер написал в соцсетях, что "выражает глубокие соболезнования семье погибшего военного". "Служение и жертва никогда не будут забыты", - добавил Стармер.

Ел премьер-министрі Кир Стармер де әлеуметтік желіде марқұмның отбасына көңіл айтты. "Оның қызметі мен жанын пида еткені ешқашан ұмытылмайды", – деді Стармер.

Ұлыбритания – Ресейдің кең ауқымды басқыншылығына байланысты Киевке қолдау көрсетіп отырған Украинаның негізгі одақтастарының бірі. Бұған дейін британ үкіметі Украина қарулы күштерін қолдау және дипломатиялық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ол елде саны аз британ әскери қызметкерлері барын мойындаған болатын, деп жазды BBC.

XS
SM
MD
LG