Accessibility links

Ұлыбритания Ресейдің алты банкіне санкция салды

Британ үкіметі Ресейдің алты қаржы ұйымы – "Озон банк", "ТелеПорт банк", Ресей Эксимбанкі, "Центр-инвест", "Ставр банкі" және "Реалист банкіне" санкция салғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, кеме жасайтын "Северный Инжиниринг" кәсіпорнына, сондай-ақ "МеталлКомплект", "НИКом", "Промсиз" және "Технолюкс" компанияларына қарсы шектеулер енгізген.

Санкцияға химия саласында жұмыс істейтін "Силтрон" компаниясының иесі Александр Жданов та ілікті.

Ұлыбритания сонымен қатар Үндістанда орналасқан Frion Ship Management теңіз логистикасы компаниясын, Arctic Express, Perseas, Torvian, Asteras, Visund және Zenturo сынды алты мұнай танкері мен газ тасымалдаушы кемені де санкция тізіміне қосқан.


Айдар
XS
SM
MD
LG