Accessibility links

Арал теңізінің трагедиясын сипаттайтын құжат Әлемдік жадыға айналды


Арал теңізінің табанында қайырлап қалған кеме.
Арал теңізінің табанында қайырлап қалған кеме.

ЮНЕСКО өзінің Әлемдік жады ескерткіштері тізіміне Ангола, Армения, Франция, Грузия, Португалия және АҚШ пен Қазақстаннан жеті жазба жинақтар енгізілгенін хабарлайды.


Оларға көне ғасырлардан келе жатқан тарихи жазбалар, астрономия саласына қатысты ғылыми жаңалықтар мен жиырмасыншы ғасырдағы экологиялық апат – Арал проблемасына қатысты құжаттар топтамасы кіріпті. Қазақстаннан енгізілген жинақта Арал теңізінің он пайызға дейін тартылып қалған экологиялық проблемасын және онымен күрес жүргізуді жан-жақты сипаттап, баяндайтын 1965 жылдан 1990 жылға дейінгі құжаттар бар.

Одан өзге Грузияның византиялық 5 ғасырға жататын түрлі салаларды қамтитын мыңға жуық қолжазба жұмысы, Франция королі Франциск 1-шінің 16 ғасырға жататын заң мәтіндері де бар. Корольдің 1537 жылы кітап басып шығарушылар мен сатушыларға әр кітаптың бір данасын король кітапханасына өткізу туралы жарлығы кейін ұлттық кітапхананың өсуіне септігін тигізген деп жазады ұйым. Ал Армениядағы Бюракан обсерваториясында 1965-1980 жылдары ғаламшарға жақын аумақтарда жүргізілген астрономиялық зерттеулер жинағы 20 ғасырдың маңызды жетістігі ретінде тіркеліпті.
Қазақстаннан енгізілген жинақта Арал теңізінің он пайызға дейін тартылып қалған экологиялық проблемасын және онымен күрес жүргізуді жан-жақты сипаттап, баяндайтын 1965 жылдан 1990 жылға дейінгі құжаттар бар.

Тізімде 1922 жылы Португалиядан Сакадура Кабралдың Оңтүстік Атлант мұхитының үстінен гидроұшақпен ұшып өткен жазбалары да бар. Мұхитты гидроұшақпен кесіп өту авиация тарихында секстантты алғаш қолданудың белгісі ретінде танылған.

Ал Ангола мен Португалияның мұрағаттарынан алынған 17 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басына жататын тарих, антропология және лингвистика ғылымдары үшін маңызы зор 1160-қа жуық қолжазба Оңтүстік Африканың ауызша таралған мәдениетінің португал тілімен ассимиляцияға ұшырап, Португалия мен Бразилияға ықпал еткенін баяндайды.

Тізімге АҚШ-тың Ландсат бағдарламасының жазбалары да кірген. Бағдарламаның мультиспектрлі сенсорлы сканнері Жер шарының беткі қабатын, жағалау сызықтарын, рифтері мен соңғы қырық жыл бойына адами және табиғи факторлар есебінен болған өзгерістерді бақылауға мүмкіндік беретін масштабты бейнелер түсіреді. 1972 жылдан бастап жұмыс істей бастаған спутниктер бортына орнатылған датчиктер жер беті суреттерін жинақтап, жаңартып беріп отырады.

Бұл жинақтар 2011 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік ескерткіштер бағдарламасының Халықаралық кеңесшілер комитеті тарапынан алдын-ала мақұлдаудан өткен.
XS
SM
MD
LG