Accessibility links

ҰҚК Ресеймен шекарадағы көлік кептелісіне түсініктеме берді

Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі. 13 маусым 2026 жыл. Желідегі видеодан скриншот
Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі. 13 маусым 2026 жыл. Желідегі видеодан скриншот

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысындағы “Қосақ” өткізу пунктіндегі жүк көліктерінің кептелісі “жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық өсімімен” байланысты.

Қазір бекет күшейтілген режимде істеп тұр. Күн сайын ол жақтан орташа есеппен шамамен 200-220 жүк көлігі өтіп жатыр.

Жүргізушілерге сонымен бірге шекарадан өзге де пунктер арқылы («Шарбақты», «Үрлітөбе», СҚО-да Жаңа Жол», «Қарақоға» және «Қызыл Жар») өтуге болатынын да еске салған.

Ведомствоның хабарлауынша, “шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі” де жұмыс істейді.

Бұған дейін желіде кейбір қолданушылар "Қосақта" ұзын-сонар кезек пайда болғанына шағымданған еді.

Олар жүк көліктерінің жанармайы таусыла бастағанын айтып, мәселені шұғыл шешу қажеттігін айтқан.


Айдар
XS
SM
MD
LG