Accessibility links

Усть-Луга портына тағы да дронмен соққы жасалды

Усть-Луга порты.
Усть-Луга порты.

Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портына үшінші рет соққы жасалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ондаған дрон атып түсірілген, портта "бүлінген нысандар бар, бірақ ешкім зардап шекпеген". Кейін порттағы өрт сөндірілгені хабарланды.

Кейінгі күндері Усть-Луга мен Приморск – Петербургке жақын Балтық теңізіндегі ірі мұнай құю порттарына украин дрондары бірнеше рет шабуыл жасаған. Екі жағдайда да өрт шықты.

Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконың сөзінше, аймақта түнде 30-дан астам дрон атып түсірілген. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жалпы ел бойынша бір түнде 200-ден астам украин дроны құлатылған. Қанша дрон атып түсірілмегенін билік айтпады.

Петербургтегі Пулково әуежайында ұшу-қонуға тағы да шектеу енгізілді. Ондаған рейс шегерілген немесе басқа бағытқа жіберілген.

Украина әскері әзірге Усть-Лугаға жасалған соққыға түсініктеме бермеді. Украинаның мониторинг арналары порттағы өрт туралы видеолар жариялады.

XS
SM
MD
LG