Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, президент сайлауының алдын ала нәтижесі дүйсенбі, яғни желтоқсанның 5-і күні, жергілікті уақытпен сағат 16:00 шамасында жарияланады. ОСК мәліметіне қарағанда, сайлаушылардың 87,83 пайызы дауыс берген.
Өзбекстандағы президент сайлауы

1
Өзбекстан заңы бойынша, сайлаушылардың 33 пайыздан астамы дауыс берсе, сайлау өткен болып есептеледі.
Суретте: Ташкенттегі сайлау учаскесіне келген адамдар. 4 желтоқсан 2016 жыл.
Суретте: Ташкенттегі сайлау учаскесіне келген адамдар. 4 желтоқсан 2016 жыл.

2
Өзбекстан ОСК-сі мәліметі бойынша, президент сайлауында сайлаушылардың 87 пайыздан астамы дауыс берген.

3
Өзбекстанда бұл сайлау елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты өтіп жатыр. Каримовтің қазасын бұл елдің үкіметі 2016 жылы қыркүйектің 2-сі күні хабарлады. Келесі күні оны Самарқанда жерледі.

4
Сайлау бюллетенінде - төрт кандидат. Олар: қазіргі премьер-министр Шавкат Мирзияев (қазір президент міндетін атқарып отыр), Халықтық демократиялық партия атынан Хотамжон Кетмонов; «Миллий Тикланиш» партиясы атынан Сәруар Отамуратов; «Адолат» партиясынан Нариман Омаров.