Accessibility links

АҚШ соты Гүлнара Каримованың ісін уақытша тоқтатты


АҚШ тергеу орындарының болжамынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова шетелдік инвесторлардан 1 миллиард доллар көлемінде пара алған.
АҚШ тергеу орындарының болжамынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова шетелдік инвесторлардан 1 миллиард доллар көлемінде пара алған.

Нью-Йорктің оңтүстік округі федералдық соты Өзбекстан президентінің қызы Гульнара Каримова мен оның маңайындағы адамдарға тиесілі деген 850 миллион долларды тәркілеу туралы АҚШ прокуратурасы қозғаған істі уақытша тоқтатып қойды.

Нью-Йорктің оңтүстік округі федералдық соты Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гульнара Каримова мен оның маңайындағы адамдарға тиесілі деген 850 миллион долларды тәркілеу туралы АҚШ прокуратурасы қозғаған істі уақытша тоқтатып қойды.

Сот мұндай ұйғарымға АҚШ және Өзбекстан билігінің сұрауымен келген. Яғни Вашингтон мен Ташкент жүздеген миллион доллар қаражаттың тағдырын сот арқылы емес, өзара келісіп шешпек.

Бұл жерде айтылған 850 миллион доллардың 550 миллионы Швейцарияда тұтқындалған есеп-шоттарда, қалған 300 миллион доллар АҚШ, Ирландия, Люксембург және Бельгиядағы бұғатталған есеп-шоттарда жатқаны айтылады. Олар Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараға тиесілі деген деректер бар.

Бұған дейін АҚШ-тың әділет министрлігі бұғатталған есеп-шоттардағы қаражатты алуға әрекет ете бастаған еді. Бірақ биыл қыркүйекте Азаттықтың Өзбек қызметі Өзбекстан үкіметінің Еуропа банктерінде тұтқындалып жатқан 1 миллиард доллардан астам қаржыны елге қайтаруға тырысып жатқанын хабарлады.

Бұл ақшаны қайтару үшін өзбек билігі АҚШ-тағы Holwell Shuster&Goldberg адвокаттар компаниясын жалдаған. Осы компанияның заңгерлері қаңтардың 4-і күні Нью-Йорк сотының судьясы Эндрю Картерге Өзбекстан әділет министрінің қолы қойылған хат тапсырған.

Хатта шетелдік банктердегі АҚШ сұрауымен бұғатталған есеп-шоттардағы 500 миллион доллардан астам қаражаттың Өзбекстанға тиесілі екені, бұл елдің кейбір кәсіпкерлер әрекетінен зардап шеккені жазылған. Бірақ хатта Гүлнара Каримованың аты-жөні аталмаған.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара.

Алайда биыл сәуірде АҚШ әділет министрлігі Гүлнара Каримованы пара алды, ақша жасырды деп айыптады.

Eurasianet интернет-басылымының хабарлауынша, сот қаулысында «АҚШ пен Өзбекстан... істі соттан тыс қарауды қалайды және істі тоқтату келісімге келуге септеседі, тараптар мен сот қаражатын үнемдеуге көмектеседі деп санайды» деп жазылған.

Егер тараптар мәмілеге келе алмаған жағдайда АҚШ соты істі шілденің 31-і қайта қарай бастайды.

Гүлнара Каримованың есімі коррупцияға қатысты TeliaSonera аталатын швед компаниясымен байланысты 2012 жылғы журналистік зерттеулерден кейін шыға бастады. Бұл компания Өзбекстанда Ucell деген атпен жұмыс істейді. Журналистік зерттеулерге Азаттықтың Өзбек қызметінің Прагадағы тілшілері де қатысқан еді.

Мұнан бір жыл өткенде Еуропаның бірнеше елінде Өзбекстанда жасалған ірі қаржылық алаяқтық туралы бірнеше тексеру басталды. TeliaSonera және ресейлік VimpelCom мен МТС телекоммуникациялық компаниялары Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың қатысы бар компанияларға ірі көлемде пара берді деген күдікке ілінді. Бұл паралар арқылы осы компанияларға өзбек нарығына дендей кіруге рұқсат берілген деген болжам бар.

Қаржылық сарапшылардың айтуына қарағанда, өзбек президентінің үлкен қызы бұл компаниялардан 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде пара алған.

XS
SM
MD
LG