Қазақстандық журналист Вадим Борейко ұзақ демалысқа кететінін мәлімдеп, “Гиперборей” YouTube-арнасының жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
Журналистің сөзінше, тамызда ашылғанына 7 жыл болған арнаның жұмысы барысында бірде-бір рет толымды демалыс алмаған.
“Тек шаршап қана қоймай, үй шаруалары да жиналып қалды. Сондықтан ұзақ демалысқа кетемін. Ешқайда бармаймын, Алматыда қаламын: құрылыс компаниясының маған қатысты шағымы бойынша азаматтық сот аяқталған жоқ. Гиперборей арнасындағы хабар әзірге, тоқтады. Biz Birgemiz бағдарламасының жазылушылары бойынша да видеолар, қыркүйекте оған үш жыл толады, тоқтайды. Жазушыларымнан сол үшін кешірім сұраймын” деп жазды Борейко. Оның сөзінше, қайырымдылық мақсатында ақша жинау ғана тоқтамайды.
Ол "Гиперборей" YouTube-арнасы қашан жұмысын бастайтынын нақтыламаған.
Бұған дейін "Etude-Ybyrai" компаниясы журналист жариялаған материалдар "іскерлік беделге нұқсан келтірді" және "жалған ақпарат таратты" деп сотқа жүгінген. Борейко өзіне тағылған айыптарға нақты айғақ-дәлелдер жоғын айтқан. Осыған дейін осы іс аясында журналистің шоттары да бұғатталғаны хабарланған еді.
- Вадим Борейко Қазақстан билігі туралы сыни хабар шығаратын тәуелсіз журналист ретінде танылған. Биыл ақпанда оның әлдекімдер оның Facebook пен Instagram-дағы аккаунттарын бұзған. Журналистикада 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп жүрген Борейко 2000 жылдары "Время", Forbes.kz, Ratel.kz басылымдарында жұмыс істеп, одан кейін YouTube платформасында "Гиперборей" арнасын ашқан.
- 2023 жылдың басында белгісіз біреулер Вадим Борейконың пәтер есігінің сыртқы жағына құрылысқа арналған көбік жағып кеткен. Ізінше онымен бірге жұмыс істейтін бейнеоператор Роман Егоровтың екі автокөлігін біреулер өртеп кеткен. Егоров заңсыз әрекеттің кәсіби қызметіме қатысы бар санайтынын айтқан. Сол жылы күзде Алматы соты журналистерге шабуыл ұйымдастырды (сотталушылардың өзге де журналистерге жасалған шабуылға қатысы бар деп айтылған) деп айыпталған адамдарға шартты жаза бергені хабарланған.