Accessibility links

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза болғандар 1400-ден асты

25 маусымда Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар 1430-ға жетті. Тағы 3238 адам жарақаттанған. The Guardian мәліметінше, кемінде 68 900 адам із-түзсіз жоғалған.

Венесуэланың президенті міндетін атқарушы Делси Родригес сенбі күні кешке 24 ел 2700-ден астам құтқарушысын жібергенін айтты.

CNN-нің атап өтуінше, зілзаладан бері 72 сағат өткен. Бұл үйінді астында қалғандарды іздеу үшін өте маңызды уақыт. Осы уақыт өткеннен кейін зілзаладан аман қалу мүмкіндігі күрт азая түседі.

Бұған дейін Қызыл Крест халықаралық қауым федерациясы және Қызыл жарты ай ұйымдарының директоры Лойс Пейс телеарнаға қайта-қайта болып жатқан дүмпулер құтқару жұмысын қиындатып жатқанын айтқан.

CNN сөйлескен Венесуэла шенеунігінің сөзінше, екі ірі жер сілкінісінен кейін кемінде 430 афтершок болған.

БҰҰ жер сілкінісінің шығынын 6,7 млрд доллар деп бағалады. Бұл Венесуэла ЖІӨ-нің 6 пайызына тең.

Айдар
XS
SM
MD
LG