Accessibility links

АҚШ-та 11 қыркүйектегі шабуыл құрбандарын еске алды


АҚШ-та 11 қыркүйектегі шабуыл құрбандарын еске алды
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:13 0:00

Нью-Йоркте 2001 жылы 11 қыркүйекте болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алды. 2002 жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша, жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 8:46 кезінде қасиетті Павел шіркеуінде қоңырау соғылды. Осыдан 17 жыл бұрын дәл осы уақытта терроршылар басқарған екі жолаушы ұшағының бірі Дүниежүзілік сауда орталығының екі ғимаратының біріне барып соғылған. "Әл-Қаида" террорлық ұйымының мүшелері төрт жолаушы ұшағын басып алып, Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйінің көпқабатты қос мұнарасын, Вашингтон маңындағы Пентагон ғимаратын соққан. Жолаушылары бар төртінші ұшақ Пенсильвания штатына құлаған. Шабуылдан үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп Пенсильвания штатында Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысып, сөз сөйледі. АҚШ вице-президенті Майкл Пенс жұбайымен бірге Пентагондағы теракт құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл қойды. (Reuters видеосы)

XS
SM
MD
LG