Қырым соты Ахтем Чийгозды сегіз жылға соттады
Ресейге бағынышты Қырым соты 11 қыркүйекте Қырым татарлары меджлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгозды 2014 жылғы 26 ақпанда тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыптап, сегіз жылға соттау туралы үкім шығарды. Екі жарым жылдан бері абақтыда отырған Чийгоздың ісі бойынша осы кезге дейін 150-ден аса сот отырысы өткен. 52 жастағы Ахтем Чийгоз өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады. Қырым татарларының меджлисі Ресейде экстремистік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Азаттықтың "Крым.Реалий" жобасының видеосы (орыс тілінде).