Accessibility links

Кемероводағы сауда орталығында өрттің қалай басталғаны туралы видео


Кемероводағы сауда орталығында өрттің қалай басталғаны туралы видео
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:39 0:00

Ресейдің Тергеу комитеті Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында наурыздың 24-і күні өрттің қалай басталғаны туралы видеотаспаны жариялады. Тергеу болжамынша, өрт үшінші және төртінші қабаттардың арасында тұтанған. Өрт сөндіру жұмыстары 19 сағатқа жалғасты. Өрт салдарынан сауда орталығында қаза тапқан 64 адамның 40-тан астамы - балалар. Құрбан болғандардың көбі сауда орталығындағы үш кинотеатрдың бірінен табылған. Қайғылы оқиғадан кейін жүргізілген тексеру барысында орталықтың өрт туралы дабыл жүйесі мен өрт сөндіретін қондырғылары жұмыс істемегені, апат кезінде шығатын есіктер жабық болғаны анықталған. Қылмыстық іс қозғалып, алты адам ұсталған. (Reuters видеосы)

XS
SM
MD
LG