Accessibility links

Украинада Уханьнан келгендерді карантинге жатқызуға қарсы шықты


Украинада Уханьнан келгендерді карантинге жатқызуға қарсы шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:30 0:00

20 ақпанда кешке Украинаның Полтава облысындағы Новые Санжары қаласының тұрғындары коронавирустан соң Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтар осы қалаға карантинге орналастыруға қарсы шықты. Вирус шыққан Уханьнан келгендер Новые Санжары қаласындағы шипажайға автобуспен жеткізілді. Полиция жолды жаппақ болған тұрғындарды ұстап, кедергілерді алып, жолды ашты. Наразылық кезінде тұрғындар мен полиция қақтығысып қалды. Бірнеше адам ұсталған. 21 ақпандағы дерекке сай, Қытайда коронавирустан 2233 адам өлген. Жұқтырғандар саны 75 мыңға тақап қалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемнің 30-дан астам елінде 1076 адам коронавирус жұқтырған. Әлем елдері вирус тараған Ухань қаласынан азаматтарын эвакуациялап жатыр. Қазір бұл қала толығымен карантинге жабылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG