Accessibility links

Лондонда ту ұстаушылар анықталып жатыр


Олимпиада қарсаңындағы Лондон. 27 маусым 2012 жыл.
Олимпиада қарсаңындағы Лондон. 27 маусым 2012 жыл.
Лондон олимпиадасының басталуына 24 күн қалды. Төрт жылда бір рет болатын басты жарысқа 210 мемлекет спортшыларын аттандырады. Қазір олимпиадаға қатысатын елдер ашылу салтанатында ту ұстап шығатын спортшыларының есімін жариялай бастады.

Өзбекстан олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, Лондон олимпиадасының ашылуында өзбек туын боксшы Елшод Расулов (2007 жылғы Азия чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы) ұстайды.

Ал Ресей спортшыларын теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Мария Шарапова бастап шығады.

Беларуь елі туды 34 жастағы теннисші Максим Мирныйға тапсырыпты.

Литва туы 40 жастағы жеңіл атлет, Сидней және Афина ойындарының чемпионы Виргилиюс Алекнаның қолында.

Лондон олимпиадасында Қазақстанның туын балуан, грек-рим күресінен Азия чемпионы, әлем чемпионатында екі рет қола жүлде алған Нұрмұхан Тінәлиев ұстайды.

ЕУРОПА

Грекия құрамасының капитан болып таэквондодан Еуропа чемпионы (2008)
Грек спортшысы Александрос Николаидис Олимпиада алауын қабылдап алған сәтінде. 24 наурыз 2008 жыл.
Грек спортшысы Александрос Николаидис Олимпиада алауын қабылдап алған сәтінде. 24 наурыз 2008 жыл.
Александрос Николаидис тағайындалды.

Ал Данияның туын каноэ есуден Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Ким Враае Кнудсен ұстайды.

Су добынан Сидней, Афина, Пекин олимпиадасының чемпионы, венгриялық Петер Вирос өз елінің байрағын ашылуда алып шығады.

АЗИЯ

Иран олимпиада комитеті 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, боксшы Әли Мазахериді ту ұстаушы ретінде таңдады.

Ал Израиль туы парус спортынан Пекин ойындарының қола жүлдегері Шахар Цуберидің қолында.

Жапонияның туын осы ел тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі, әйелдер
Лондон олимпиадасына қатысушы елдердің туы. Лондон, 15 маусым 2012 жыл.
Лондон олимпиадасына қатысушы елдердің туы. Лондон, 15 маусым 2012 жыл.
күресінің шебері Саори Иошида ұстайды. Саори 2 рет олимпиада ойындарын, 3 рет Азия чемпионатын, 9 мәрте әлем чемпионатын ұтқан.

Малайзия байрағын 19 жастағы суға секіруші Панделела Ринонг алып шығады. Бұл спортшы – 2009 жылы Римде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылы Сингапурдағы жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Сингапур елінің туын ұстап шығу бақыты үстел теннисінен әлем чемпионы Пенг Тианбейге бұйырды.

АФРИКА

Қазақстан жанкүйерлеріне жақын таныс, бокстан «Астана арландары» командасының мүшесі, алжирлік Абделхафид Беншабла да ту ұстаушылардың тізімінде бар. Беншабла – 2011 жылғы Африка ойындарының чемпионы.

Ал Камерун елінің байрағын әйелдер күресінің шебері Аннабелла Али ұстайды.

Сенегал олимпиада комитеті таэквондодан Африка чемпионы Ндисс Каба Ваджиді капитан ретінде таңдапты.

Тунис туын Нейкел Меганнем (қол добы) ұстаса, Мозамбик байрағы – жеңіл атлет Курт Коуттың қолында.

ОҢТҮСТІК АМЕРИКА

34 жастағы көгал хоккейшісі Лусиана Аймар Аргентина құрамасы капитаны болып сайланды. Ол – әлемнің 2001 жылғы ең үздік ойыншысы, Пекин олимпиадасының қола жүлдегері. Бес дүркін әлем чемпионы.

Боливия елінен тұңғыш рет олимпиадаға баратын Клаудиа Валдерамма (жеңіл атлетика) өз елінің туын ұстайды.

2008 жылы Ұлыбританиядан Парагвайға қоныс аударған жүзгіш Вен Хоскин жаңа отанының туын алып шығады.

Үстел теннисшісі Фабиало Рамос – Венесуэла туын, садақ атудан олимпиадаға баратын Деннисса ван Ламион – Чили туын, каноэ ескекші Сезар де Сезаре – Эквадор туын, велоспортшы Мариона Пажон – Колумбия туын алып шығады.

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

Пекин олимпиадасының чемпионы, таэквондошы Мария Эспинозаға Мексика туы табысталды.

Грек-рим күресінен Пекин олимпиадасының чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Миджаин Лопес – Куба туын, парус спортының шебері Хуан Игнасио Маэгли – Парагвай туын, жеңіл атлет Хавиер Калсон – Пуэрто-Рико байрағын көтереді.
XS
SM
MD
LG