Accessibility links

Илья Ильин - екі дүркін олимпиада чемпионы


Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл
Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл
Тамыздың 4-і ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан олимпиадалық құрамасының бесінші алтын медалін жеңіп алды. Спортшы әлем рекордын жаңартты.

Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин 94 килограмм салмақта сайысқа түсіп, аса тартысты бәсекеде Лондон олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша Ильин Қазақстан тарихында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшыға айналды.

Тамыздың 4-і күні Лондонның ExCel спорт орталығында өткен ауыр атлеттер сайысында (94 килограмм) негізгі бәсеке қазақстандық Илья Ильин мен ресейлік Александр Ивановтың арасында өтті. Екі атлет жұлқа көтеруден бірдей 185 килограмм көтерген еді. Серпе көтеру бойынша Илья Ильин қарсыласынан 9 килограмм артық көтеріп (233 кг, жалпы - 418 кг), әлем рекордын да жаңартты, екі дүркін олимпиада чемпионы да атанды. Осы салмақта жарысқа қатысқан қазақстандық тағы бір ауыр атлет Алмас Өтешов те "А" күштілер тобына кіріп, жетінші орын алды.

Жарыс аяқтала салысымен тікелей эфирдегі телекамераға қарап сөйлеген ауыр атлет Илья Ильин әуелі Қазақстан халқына алғыс білдіріп жатты.

Қазақстан жалпы саны бес алтын медаль иеленіп, жалпы командалық кестеде сегізінші орынға көтерілді. Оның төртеуі - ауыр атлеттердің еншісінде.
XS
SM
MD
LG