Accessibility links

Донецкідегі жікшілдер «сайлауы»


Донецкідегі жікшілдер «сайлауы»
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» жетекшісі Александр Захарченко Украинаның Донецк және Луганск облыстарындағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтарда өтіп жатқан билік органдарын «сайлауға» дауыс берді. АҚШ пен Еуропа Одағы бұл «сайлау» Украина заңымен қоса қыркүйекте Минскіде жасалған атысты тоқтату туралы бітімге қайшы болғандықтан заңсыз деп біледі. Украина қауіпсіздік қызметі елдің шығысындағы бүгінгі «сайлауға» байланысты «конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге немесе билікті басып алуға бағытталған іс-әрекеттер» туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Шығыс Украинадағы «сайлауды» Мәскеу «заңды» деп танитынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG