Accessibility links

Зеленский Американың бейбітшілік жоспарының 20 пунктінің жай-жапсарын айтты


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен брифинг кезінде Америка ұсынған бейбітшілік жоспарының жай-жапсарын айтты. Зеленскийдің сөзінше, бұл ұсыныстарға қатысты Ресей өз жауабын сәрсенбі беруі керек.

Зеленскийдің сөзінің кейбір негізгі тұстарына қысқаша тоқталайық:

  • Украина әскерінің саны 800 мың сарбаздан артық болмауы керек.
  • АҚШ, НАТО және Еуроодақ солтүстікатлантикалық келісімнің 5-бабына ұқсас шарт бойынша Украина қауіпсіздігіне кепілдік береді.
  • Ресей Украинаға шабуыл жасамайтынын заңнамалық түрғыда бекітуі керек.
  • Украина келісімде көрсетілген мерзімде Еуроодаққа қосылуы керек.
  • Украина ядролық қаруы жоқ ел болып қалады.
  • Запорожье атом электр станциясын Украина, Ресей мен АҚШ ортақ басқарады. Зеленскийдің айтуынша, Украина мұндай шешімді қолдамайды және атом станциясын Украина Ресейсіз АҚШ-пен бірге басқаруы керек деп санайды.
  • Жер мәселесі: бейбітшілік келісіміндегі ең күрделісі осы. Украина атысты майдан сызығында тоқтатуды талап етеді. Ал Ресей украин күштерін Донецк облысынан тұтас әкетуді талап етеді. АҚШ тараптарды ымыраға келтіру үшін Донецк облысында еркін экономикалық аймақты құруды ұсынған. Бірақ Зелеснкийдің сөзінше, Украина президенті мұны тек референдум арқылы шешу керек. Ал оны ұйымдастыру үшін атысты кемінде екі айға тоқтату керек. Украинаның Днепропетровск, Сумы, Харьков және Николаев облыстарынан Ресей әскерін әкетуі керек.
  • Бейбітшілік келісіміне тараптар қол қойғаннан кейін Украинада сайлау “мүмкіндігінше жылдам” өтеді.
  • Бейбітшілік келісімінің орындалуын Дональд Трамп жетекшілік ететін бейбітшілік кеңесі бақылайды. Оған Еуропа елдері мен НАТО өкілдері де қатысады.
  • Тараптар осы келісімге келіскеннен кейін атыс бірден тоқтайды.
XS
SM
MD
LG