Accessibility links

Зеленский: АҚШ қауіпсіздік кепілдігін Донбассқа айырбастауды ұсынады

Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

АҚШ Украинаға қауіпсіздік кепілдігін алғың келсе, Донбастан әскеріңді шығар деген шарт қойып отыр. Украина президенті Владимир Зеленский Reuters агенттігіне берген сұхбатында осылай деді.

Ол Украина Донбаста бақылауда ұстап отырған жерден әскерін әкетсе, ол аймақтағы жақсы нығайтылған қорғаныс позицияларынан айырылады және бұл Украинаның да, Еуропаның да қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

Бұған қоса Зеленский қазір АҚШ-тың назары Иранмен қақтығысқа ауып отырғанын айтқан.

"Таяу Шығыс президент Трампқа әсер етіп отырғаны даусыз және оның алдағы қадамдарына да әсер етеді деп ойлаймын. Өкінішке қарай, президент Трамп бұрынғысынша Украина тарапына қысымды күшейту стратегиясын таңдап отыр", - деді Зеленский.

Қаңтар айында Зеленский Киевтің аумақтар бойынша ұстанымы өзгерген жоқ және ымыраға келу екі жаққа бірдей болу керек деп мәлімдеген. Бұған қоса ол АҚШ-пен екіжақты қауіпсіздік кепілдігі "100% дайын" екенін және Киев АҚШ-тың қол қоюын күтіп отырғанын айтқан.

  • АҚШ әлігндей шарт қою мүмкін екенін бұған дейін The Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сүйеніп жазған. Басылым сөйлескен дереккөздердің мәліметінше, егер украин әскері шегінсе, Вашингтон бейбітшілік кезеңінде Украина армиясына қару-жарақ жеткізуді көбейтуге алдын ала дайын болған. Дегенмен, сол кезде АҚШ қандай да бір ресми міндеттеме ала ма, жоқ па, онысы белгісіз еді.
XS
SM
MD
LG