Accessibility links

Зеленский: күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters агенттігіне сұхбат беріп отыр.
Украина президенті Владимир Зеленский Reuters агенттігіне сұхбат беріп отыр.

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады деп мәлімдеді. Ол ракета құрастырушы Fire Point-тан жұмысты жеделдетуді талап еткен.

“Олардан менің FP-9 ракетам қайда? деп сұрадым” деп Зеленский жымиды.

“Бізге FP-9 керек. FP-9 осы күзде дайын болады, оған сенімім мол” деді президент.

1 қазанда Зеленский Fire Point құрастырған тактикалық FP-7 баллистикалық ракетасының алғаш рет әскери жағдайда қолданылғанын хабарлаған. Алайда нақты қандай нысанаға соққы жасағанын айтқан жоқ. Соққының сәтті болғанын меңзеді. Әзірге, ақпаратты растайтын тәуелсіз дереккөз табылмады.

Fire Point мәлімдемесіне қарағанда, FP-7 ракетасы 200 шақырымға дейін ұша алады және әскери бөлігінің салмағы 150 келі. Ал FP-9 ракетасы 855 шақырымға дейін ұшады, әскери бөлігінің салмағы — 800 келі.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG