Accessibility links

Зеленский мен Трамп "Үлкен жетілік" саммиті аясында кездеседі

АҚШ президент Дональд Трамп G7 саммиті кезінде. Франция, Эвиан-ле-Бен қаласы, 15 маусым, 2026 жыл.
АҚШ президент Дональд Трамп G7 саммиті кезінде. Франция, Эвиан-ле-Бен қаласы, 15 маусым, 2026 жыл.

Францияның Эвиан-ле-Бен қаласында G7 саммиті өтіп жатыр. Жиынға Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ президент Дональд Трамп қатысып отыр.

G7 көшбасшылары Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы жағдай, жаһандық экономика және жасанды интеллект мәселелерін талқылауға жиналған. Зеленскийдің айтуынша, Украина қорғанысы мен бейбітшілікке қол жеткізу жолдары осы саммиттің негізгі тақырыптарының бірі. Сондай-ақ ол Трамппен кездесетінін мәлімдеді.

Bloomberg дерегінше, Франция, Германия және Ұлыбритания лидерлері Трампты Ресеймен келіссөздерге қатысты жаңа тәсілді қолдауға көндіруге тырысады. Осы шақта Ұлыбритания Ресейдің "тасадағы флотына", қаржы құрылымдарына және әскери-өнеркәсіп секторына қарсы жаңа санкциялар енгізгенін жариялады.


Айдар
XS
SM
MD
LG