Accessibility links

Зеленский: Новороссийскіде "тасадағы флоттың" екі танкеріне шабуыл жасалды

Украина президенті Владимир Зеленский 3 мамырда таңертең әлеуметтік желіде Украина әскері Қара теңізде Новороссийск порты маңында Ресейдің "тасадағы флотының" екі танкеріне соққы жасағанын хабарлады.

Зеленскийдің сөзінше, операцияны Украина қауіпсіздік қызметі мен әскери теңіз күштері бас штаб жетекшісі Андрей Гнатовтың жетекшілігімен бірігіп жүзеге асырған. Зеленский сонымен бірге теңіз дронының танкерге жақындап келе жатқаны көрінетін видео да жариялады.

Украина басшысы оқиғаның нақты қашан болғанын айтпады және зақым келтірілген танкерлердің атын да атамады. Украина президенті дегенмен "бұл танкерлер мұнай тасымалдауға жиі қолданылып келген, енді оған жарамсыз" деді.

Украина қарулы күштерінің бас штабы ресми түрде операция туралы хабарламады. Ресей билігі де әзірге ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ. Новороссийскіде 3 мамырда таңертең ракета қаупі жөнінде дабыл қағылды, алайда кейін тоқтатылды.

Соңғы рет Новороссийскіге ірі соққы сәуірдің басында жасалды. Ол кезде мұнай құятын терминал мен "Шесхарис" портына соққы жасалды. Украина әскерінің хабарлауынша, ресейлік фрегаталар "Адмирал Эссен" мен "Адмирал Макаров" бүлінген.

Айдар
XS
SM
MD
LG