Accessibility links

Зеленский Украина-Ресей соғысын тоқтату жайлы келесі кездесу АҚШ-та өтуі мүмкін деді

Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғысты аяқтау жөніндегі келесі келіссөз АҚШ-та өтуі мүмкін деп мәлімдеді. Мұны ол бейсенбі күнгі кешкі видеоүндеуінде айтты.

"Келіссөз тобының Киевке келіп, толық есеп беруін күтіп отырмын – көп мәселені телефонмен талқылау мүмкін емес. Қазірдің өзінде айтуға болатыны – жақын уақытта келесі кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Америкада өтуі мүмкін", – деді Зеленский.

Украина президенті кездесулердің құрамы мен форматын нақтыламады, бірақ өз елі "бейбітшілікті шынайы жақындата алатын және оны сенімді әрі ұзақ мерзімді ететін, Ресейді соғысты жалғастыру ниетінен айыратын барлық жұмыс форматына" дайын екенін айтты.

"Бұл соғыс Ресей өз агрессиясы үшін олжалы болмайтындай етіп аяқталғаны маңызды. Бұл – шынайы қауіпсіздікті қайтаратын және оған кепілдік беретін негізгі принциптердің бірі", деді Зеленский.

4-5 ақпанда Әбу-Дабиде АҚШ-тың араағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтау жолдарын талқылауға арналған үшжақты келіссөздің кезекті кезеңі өтті.

XS
SM
MD
LG