Accessibility links

Зеленский Украина үкіметі жетекшілігіне Сергей Корецкийді ұсынды

Владимир Зеленский (сол жақта) мен Сергей Корецкий
Владимир Зеленский (сол жақта) мен Сергей Корецкий

Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Сергей Корецкийді премьер-министр етіп тағайындау туралы ұсыныс енгізді. Мұны 15 шілденің кешінде парламент спикері Руслан Стефанчук хабарлады.

Зеленский "Нафтогаз" компаниясын басқарып отырған Корецкийді қазіргі жағдайда үкімет жетекшісі болуға ең қолайлы кандидат деп атаған. Корецкий парламентте көпшілік дауысқа ие "Слуга народа" фракциясы өкілдерімен де кездескен.

Жоғарғы Рада оның кандидатурасын 16 шілдеде қарамақ.

Осы аптада премьер-министр Юлия Свириденконың үкіметі отставкаға кеткен еді. Сәрсенбі күні қорғаныс министрі Михаил Федоров та қызметтен кететінін растады.

Кейбір белсенділер Федоровтың қызметтен кетуіне байланысты наразылық акцияларын өткізетінін мәлімдеген. Олар басқыншыларға қарсы соғысып жатқан елдің әскери саласын басқаратын адамның отставкаға кетуінің себебі оның қорғаныс министрлігіндегі жемқорлыққа қарсы күрес жүргізгенімен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.

Жаңа үкіметте министрліктерді басқаруға кімдер ұсынылатыны әзірге жарияланған жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG