Accessibility links

Зеленскийдің кеңсесіне Кирилл Буданов жетекшілік етеді


Владимир Зеленский және Кирилл Буданов
Владимир Зеленский және Кирилл Буданов

Украина президенті Владимир Зеленский Украина президенті кеңсесінің жетекшісі қызметіне Кирилл Будановты ұсынды. Буданов бұған дейін қорғаныс министрлігіне қарасты бас барлау басқармасына жетекшілік еткен.

"Украинаға қауіпсіздік мәселелеріне, қорғаныс және қауіпсіздік күштерді дамытуға, сонымен бірге келіссөздерде дипломатиялық амалдарға көбірек назар аударуы керек, ал президент кеңсесі ең алдымен осы міндеттерді орындауға қызмет ететін болады" деп жазды Зеленский. Оның сөзінше, Будановта "осы бағытта арнайы тәжірибе мен жеткілікті күш бар".

Буданов Зеленскийдің президент кеңсесіне жетекшілік ету туралы ұсынысын қабыл алған.

"Украинаға қызмет ете беремін. Президент кеңсесінің жетекшісі қызметін ел алдындағы тағы бір борышым деп санаймын" деді ол.

Кейін Зеленский Будановты президент кеңсесінің жетекшісі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

28 қарашада Зеленский кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак жемқорлық дауы тұсында отставкаға кеткен. Бұл даудың бел ортасында Зеленскийдің бұрынғы серіктесі Тимур Миндичтің де аты аталды. Ермактың көмекшілері мен кеңесшілерінің барлығы қызметінен кеткен.

Буданов Украина бас барлау басқармасына 2020 жылдан бері жетекшілік еткен. Оның орнына бұған дейін Украина сыртқы барлау қызметінің жетекшісі болған Олег Иващенко келді. Зеленскийдің айтуынша, Иващенко "Ресейдің әскери потенциалын шектеу міндетіне" күш салмақ.

XS
SM
MD
LG