Жұмаға қараған түні Жамбыл облысы аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстан ұлттық деректер орталығы 10 шілдеде Астана уақытымен 00:59-да тіркелген жер сілкінісінің ошағы жердің 15 шақырым терең қабатында орналасқан деп хабарлады.
Жерасты дүмпуі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде болған.
Зардап шеккендер мен мүліктер қирап-бүлінгені туралы ақпарат түспеген.