Accessibility links

БАҚ: Ресей соғыста кемінде 352 мың сарбазынан айырылды

Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан ресейліктердің саны 2025 жылдың соңына қарай 352 000-ға жетті. "Медуза" мен "Медиазона" жариялаған ортақ зерттеудің қорытындысы осындай болып шықты.

Басылымдар "Медиазона" мен BBC-дің Орыс қызметі және еріктілер түзген тізімге сүйенеді. Бұған қоса, мұрагерлік істер жөніндегі ресейлік реестрді де негізге алады.

Зерттеу авторлары қаза болған сарбаздардың аты-жөндерін мұрагерлік тізіммен салыстыра отырып, соғыста қаза тапқандардың жасы мен әлеуметтік тобының реестрге енгізілу ықтималдығын есептеген. Осы коэффициентті пайдаланып, журналистер мұрагерлік іс деректерін қаза болғандардың санына «айналдырған».

352 мың адамның 261 мыңының қазасы – бірден тіркелген, 90 мыңының қазасы 180 күнге кешіктіріліп тіркелген.

Журналистер соғысқа қатысқан шетел азаматтарының қазасын есептемегендерін ескертеді.

Зерттеушілер бұл статистикалық болжам екенін де атап өтеді.

«Нақты санды көрсету арқылы біз орта, ең ықтимал мәндер туралы айтамыз», - дейді зерттеу авторлары.

Қазіргі кезде журналистер соғыста қаза болған 217 мыңнан астам ресейліктің аты-жөнін анықтаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG