Accessibility links

Жаңаөзен ауруханасында дәрігер пышақ жарақатынан қаза болды

Аурухана ғимараты. Көрнекі сурет.
Аурухана ғимараты. Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауруханасында дәрігер пышақ жарақатынан қаза болды.

Lada сайтының жазуынша, оқиға 28 қаңтарда қаладағы медицина мекемелерінің бірінде болған. Мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерге тап беріп, пышақ ұрған. Соның салдарынан 29 жастағы ер адам өз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, жанжал “отбасы-тұрмыстық негіздегі” мәселелерден туындаған. Оқиғадан кейін күдікті қалалық полицияға өзі барған.

“Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

“Оқиғаның жай-жапсарын толық әрі жан-жақты тергеуге бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр” деп жазылған Маңғыстау облыстық полиция хабарламасында.

Lada жазуынша, шабуылға қызғаныш түрткі болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG