Accessibility links

Жанар Секербаеваға қарсы іс "Ұрып-соғу" бабы бойынша тергеледі

Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаева
Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаева

Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваға қарсы іс "Ұрып-соғу" (Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы) бабы сараланады. Бұл жөнінде Жанар Секербаева хабарлады.

"Мені белсенділігім үшін және ориентациям үшін жазалағысы келеді. Feminita-дағы әріптестеріммен бірге 11 жыл бойы Қазақстандағы ЛГБТИК+ өкілдерінің құқықтарын қорғағаным үшін бе? Қорықпай өмір сүріп, белсенділікті тастамағаным үшін бе? Әділетсіздік, дискриминация, әйел құқығының бұзылуымен жан-тәніммен күресемін. Осындай лас арандатушылықтарды ұйымдастырып жатқандардың (неге екені белгісіз, оған мемлекеттік органдар да қатысады – Ж.С) алдында бір қадам да артқа шегінбеймін. Қазақстанның басты мәселесі жемқорлық, ақылдылардың елден кетуі, экономикалық дағдарыс, фемицид, адам өлімі мен суицид деп ойлап едім, бірақ авторитарлық алпауытқа қарсы тұрған бір лесби болады деп ойламаған едім" деді Секербаева.

Қылмыстық іс 2025 жылы 22 қарашада "Френч" дәмханасындағы оқиғадан кейін Зиуар Жұманованың өтініші бойынша қозғалған. Сол күні Жұманова өзге де әйелдермен Секербаева және өзге де белсенділер отырған дәмханаға барып, рұқсатсыз видео түсіріп, айқайлай бастаған. Осыдан кейін полиция шақырылған.

Жұманова полицияға арызында "өзін ұрғанын, баспалдақтан құлап қалғанын" айтқан. Ал белсенді Секербаева керісінше өзінің сол кезде өзінің соққыға жығылғанын, бірақ өзінің шағымын полиция қабылдамағанын алға тартады.

18 ақпанда Азаттық Астана қалалық полициясының баспасөз қызметіне хабарласуға тырысқанмен жауап ала алмады.

Feminita негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаева — әйел және ЛГБТ өкілдерінің құқығын қорғап жүрген Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі. Секербаева өзінің қызметіне байланысты жиі қудаланып, ұсталған.

XS
SM
MD
LG