Accessibility links

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза болды, 10 адам зардап шекті

17 қазанда Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында шағын автобус пен КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Екі адам қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті.

"Алматы–Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Екі адам оқиға орнында қаза болды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді" деп жазылған Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG