Ирақтағы негізгі қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыруы үшін БҰҰ-ына кем дегенде 259 млн доллар қаржы керек.

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ымына Ирақ халқы аса мұқтаж болып отырған қайырымдылық көмек бағдарламаларын жүзеге асыруы үшін жылдың соңына дейін кем дегенде 259 млн доллар қаржы керек. Осы аптада БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Ираққа көмек беруге ниет білдірген 50 мемлекет өкілдерінің мәжілісі өтеді. Ол бас қосуға, сондай-ақ, АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің өкілдері де қатысады. БҰҰ-ының жексенбілік мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, алдағы жылы Ирақ экономикасын кең ауқымда реформалауға кірісу үшін, үстіміздегі жылдың соңына қарай Ирақ халқының ең басты қайырымдылық проблемаларын шешіп алу қажет болады.