Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Орталық сайлау комиссиясы жергілікті өкілді органдарға кезекті депутаттар сайлауын өткізу туралы қаулы етті
Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы биылғы жылдың қыркүйек айының 20-сында Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға кезекті депутаттар сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес республика бойынша жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну- маусымның 27-інен басталатын болады. Ал, 1999 жылы қазан айында 4 жылға сайланған жергілікті маслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімі алдағы күзде аяқталады.