Босния мемлекетінде жұма күні жаңа президент қызметке кірісті.

Бұл – хорват қауымдастығының өкілі Драган Кович. Азаматтық соғыстан кейін Босния басшылығында мұсылман, серб және хорват қауымдастықтарының өкілдері сегіз ай сайын ауысып келеді. Драган Ковичтің алдында президенттіктің кезегі - серб өкілі Борислав Паравачта болған еді.