Жұма күні жарияланған үндеуде Ирактың есеп-шоттарын кезінде тоқтатқан қай мемлекеттер болғанын қаржы министрлігінің өкілі журналистерге айтпады.
АҚШ қаржы министрлігі сондай ақ, АҚШ тарапынан іздеу жарияланған Ирактың бұрынғы елу бес жоғары басшысына тиесілі есеп-шоттарды анықтап, оларды тез арада тоқтатуды сұрады. Ол есеп шоттардағы ақшаларды Иракты қайта қалпына келтіру үшін құрылған қорға аудару сұралды.