Әзірбайжан парламентінің бұрынғы спикері президенттік сайлауға жіберілмейтін болды.

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы Парламенттің бұрынғы спикері Расул Гулиевті қазан айының 15-де болатын президенттік сайлауға қатысуға жібермей отыр. Ал, комиссиядағы оппозициялық партияның өкілдері бұл шешімге қарсы дауыс берген. Расул Гулиев соңғы 7 жылда АҚШ-та тұрады. Әзірбайжан өкіметі оны алаяқтыққа барды деп айыптап отыр. Еуропа Кеңесі Әзірбайжан билігінен Расул Гулиевтен ол кінәні алып тастап, оның алдағы президенттік сайлауға қатысуына мүмкіндік беруін талап еткен.