8 мыңнан аса адамға Қазақстан азаматығы берілді.

Жұма күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 мыңнан астам адамға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Олардың арасында Моңғолия, Өзбекстан және Түркіменстаннан атақонысқа оралған қазақтармен бірге, Қазақстанда тұратын жақын-туыстарымен табысу үшін ТМД-ға мүше елдерден келген басқа ұлт өкілдері де Қазақстан азаматтығына ие болып отыр.