Ресей президенті Владимир Путин ертең Өзбекстан астанасы Ташкентке келеді. Путин осы елде екі күн қонақтайды. Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов дүйсенбі күні Самарқанд қаласында келіссөз жүргізеді. Әңгіме арқауы – екі елдің қарым-қатынасы, Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстанды қайта құру мәселесі болмақ.
Ал демалыс сапарында елші боп жүрген Ресейдің бұрынғы президені Борис Ельцин болса бүгін Қазақстан астанасы Астанадан Қырғызстанға, Ыстық көлге жылжыды.