Бүгін Римде Ресейдің сыртқы істер министрі Игор Иванов Ресей мен Европа одағының қарым-қатынастары мәселесін талқылайтын болады.

Ивановтың Италияның премер-министрі Сильвио Берлусконимен, сыртқы істер министрі Франко Фраттинимен келіссөздер өткізуі белгіленген. Итар-Тасстың хабарлауынша келіссөздердің негізгі тақырыбы жақындағы Санкт-Петербургта Европа одағы мен Ресейдің байланыстарын дамыту тұрғысында өткен жоғары дәрежелі кездесудің шешімдері болмақ.