Израил бас министрі Ариел Шарон дүйсенбі күні Лондонда Британия үкіметімен өзара келіссөздерді бастады.

Кездесу кезінде Британия Сыртқы істер министрі Стро Израилдың бейбітшілік "Жол картасы" жоспарына орай іс-қимылдарын қолдады.

Түс қайта Шарон бас мнинистр Тони Блэрмен кездесті. Израил өткен аптада өз абақтыларында отырған 6 мың палестиндықтың 350-ін азаттыққа шығарған болатын. Бірақ бұл арада дүйсенбі күні Израйл армиясы Рамаллада қайтадан комендаттық тәртіп еңгізді. Оның себебі айтылмады.