Қатты нөсерлі жауын салдарынан Алматы облысындағы Ақсай сайындағы Ақжар өзені арнасынан асып, сел жүрген.
Сел салдарынан Кордай-Көклісай саяжайлары бағытындағы автожол бітеліп қалған. Бұл жол бойындағы көлік қозғалысы тоқтағандықтан, Ақсай шатқалына кіре берісті полиция жауып тастады. Қазір табиғат апатынан келген зардаптарды жою жұмыстары жүріп жатыр.