Америка Құрама Штаттары Түркияны Ирақтағы ахуалды тұратқтандырушы халықаралық күштерді жасақтауға қатысуға шақыруда.

ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Түркияны Ирақтағы ахуалды тұратқтандырушы халықаралық күштерді жасақтауға қатысуға шақыруда. Жексенбі күні Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоган Анкара Вашингтомен арада стратегиялық әріптестік орнатуда деп мәлімдеді, бірақ АҚШ-қа қандай жауап болатынын атап көрсетпеді. Түркия баспасөзінің хабарлауынша, өткен жұма күні Анкараға АҚШ генералдарының тобы келіп қайтқан, олар бейресми түрде Ирақтағы бітімгершілік күштерінің құрамына 10 мыңға жуық әскерін жолдауды ұсынған.