Шешенстанның Урус Мартан ауданының Комсомольск ауылында өткен түні милиция патрулі атқыланып, бір милиция қызметкері қайтыс болып,екеуі жарақаттанды.

Ал Алхан-Қала елді мекенінде Шешенстанның Ішкі істер министрлігінің төлқұжат және визалық қызметінің аға инспекторының үйіне шабуыл жасалды. Белгісіз төрт адам милиця қызметкерінің қаруын алып, қашып кеткен. Сондай-ақ, Ца-Ведено ауылында қаруланған бір топ адам, аудандық әкімшілік басшысының үйін күзетіп тұрған екі милиция қызметкерін ұрлап кеткен. Ведено ауданының ішкі істер басқарамасының хабарлауынша бірнеше сағаттан кейін милиция қызметкерлері босатылып алынған.